Әлем

Одесса маңындағы жарылыста алты адам қаза тапты - Украина Ішкі істер министрлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Одесса облысының Подольск қаласындағы әскери бөлімде жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрлігінің штаттан тыс кеңесшісі Антон Геращенко Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сонымен қатар жеті адам жарақат алып, 19-ы із-түзсіз жоғалған деген болжам бар.

Геращенко өзіне белгілі басқа құрбандарды да атап өтті:

- Конотоп аймағында көлікке оқ атылып, соның салдарынан баласы бар әйел зардап шекті;

- Донецк облысының Мариуполь қаласында оқ атылып, бір адам қаза тауып, екеуі жараланды.

Днепропетровск облысының Кривой Рог қаласында 17-ші танк бригадасының қоймаларына үш рет шабуыл жасалды. Олар Ингулец өзеніндегі көпірді бомбалады.