Bugin

Сарапшы: Путиннің мақсаты – Зеленскийді биліктен кетіру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ президенті В.Путиннің басты мақсаты – Украина билігін тағынан тайдырып, орнына өз өкілдерін қою. Осылай деді ресейлік сарапшы, әскери шолушы Александр Гольц Дождь арнасының тікелей эфирінде.

Оның айтуынша, Путиннің демилитаризация мен денацификация жасауының артында Украинаның территориясын шабуыл жасау емес, билік өкілдерін тағынан тайдыру жатқан көрінеді.

"Демилитаризация дегеніміз не? Бұл дегеніміз – Донбастағы қылмысқа қатысты шенеуніктер мен тұлғаларды (ресейліктер оны ұлтшылдар дейді - ред.) ұстап залалсыздандыру, сотқа тарту. Ал ол үшін Ресей әскеріне Киевті "алуға" тура келеді. Сондықтан бұл соғысты тиіп-қашпа әскери операция деуге келмейді, бұл – украин билігін шайқалту үшін жасалған мақсатты әскери іс-қимыл", - деп түсіндірді  Гольц.

"Бұл әскери операция қашанға дейін созылмақ?" деген сауалға шолушы былай жауап береді.

"Кез келген ірі әскери операция ең алдымен әуе күштері мен әскери базаларды талқандаудан басталады. Ресей қазір сонымен айналысып жатыр. Ірі қалаға бомба тастау сынды әрекеттерге әлі бармады. Бірақ Украина территориясын әскери күшпен ұзақ ұстап тұру мүмкін емес. Ресейде ондай күш жоқ. Сондықтан ары қарай не болары, белгісіз", - дейді ол.