Bugin

Ресей Украинаны басып ала алмайды – Расул Жұмалы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей бастаған соғыс қимылы жақын арада біте қоюы екіталай. Соғыстың ақыры екі славян халқына да оңай тиейін деп тұрған жоқ. Ресей қоғамы ақыр соңында саяси, экономикалық және әлеуметтік ірі дағдарысқа ұшырамақ. Осылай дейді қазақстандық саясаттанушы Расул Жұмалы.

"Ресей бұл жолы "қатты кетті". Зымыран бомбалаушы арсеналын қолданып жатыр. 2014 жылы Қырымды тартып алған кезде мұндай болмап еді. Кремльдің басты мақсаты – Украинаның қарулы күштерін құрту, қорғаныс қабілетін мұқалту, халықты үрейлендіру. Бірақ украин әскері оңай шағылатын жаңғақ емес. Сегіз жыл бойы НАТО әскерінің дайындығынан өткен қарулы күш. 200 мың тұрақты әскері бар. Тағы 500 мың қосымша штабы тұр. Оның үстіне, украин қоғамы 2014-15 жылғыдай емес, мұндай шабуылға еті үйреніп қалған. Бәрі сабырлы, үрейге басқан жоқ. Әрі өте өршіл, патриот халық", - дейді Жұмалы.

Оның айтуынша, бұл соғыстың екі тарапқа да қайырлы емес.

"Ең соңында бауырлас екі славян халқы бір-бірімен қырылып, татулығынан айырылады. Үлкен саяси-экономикалық дағдарысқа тап болары анық. Әсіресе, Ресей қоғамы қалың түнекке тұншығатын сыңайлы. Ішкі саяси дағдарыс орнап, Путин режімі мен авантюрасынан бүтіл ел зардап шегейін деп тұр", - деп пікір білдірді Р.Жұмалы.