Bugin
ҚазТаг агенттігінің редакциясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғаны және не істегінен анықтап көрді. Ақпараттарды индайд көздерден алған.
Басылымның жазуынша, 2022 жылы 3 қаңтар күні Назарбаев туған жерінде – Алматы облысының Қарасай мен Жамбыл ауданында орналасқан резиденциялары мен демалыс орындарында болған. Алматыда жаппай наразылық басталған тұста 4 қаңтар күні түнде Дулат көшесінің бойында орналасқан резиденциясынан жасырын шығып, әуежайға тартқан екен. Ешкімге білдірмей тыныш кеткен. Бұған Назарбаевты күзет пен жол полициясының шағын ғана спецбатальоны алып шыққаны дәлел.
"Ал қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев Ақмола облысында келген. Президент Қ.Тоқаев Қытайдағы Олимпиаданың ашылуына кеткен 4-5 ақпан күндері Назарбаев Бурабайдағы курортта демалып жатқан. Сондағы резиденциясында 5 күндей демалған", - деп жазады ҚазТаг.
Дереккөздің айтуынша, әдетте экс-президент Бурабайға күзеті мен қорғанысын сақадай сай етіп, салтанатпен барады екен. Тікұшақпен, мықты күзетімен, брондалған бірнеше көлікпен, дабылды өшіретін құрал-жабдық орнатылған алып "КамАЗ"-бен баратын көрінеді. Бірақ бұл жолы мұның бірде-бірін алмаған. Тікұшақпен емес, көлікпен жол тартқан. Бұрынғыдай кезекшілікте тұратын екі әскери тікұшақ пен жедел қимыл тобы да жоқ. Аумақты бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскерилер қоршап тұратын. Бірақ бұл жолы мұның бірде-бірі болмаған.
"Қазір Назарбаевтың күзеті қызметі ауысты. Назарбаевтың тікұшағы – Eurocopter EC 225LP Super Puma II+ атты тікұшақ. Тіркеу нөмірі – UP-EC501. Қазақстан үкіметінің меншігіндегі дүние. Мына тікұшақпен бірге бір әскери тікұшақ қатар жүреді. Ал бұл жолы Назарбаевтың көлік баруының себебі денсаулығының нашарлығына байланысты", - деп пікір білдіреді дереккөз ҚазТаг-қа.
Ақпанның басында Назарбаев елде болған көрінеді. Бірақ қазір қайда екені белгісіз. Дереккөздің айтуынша, қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде жүруі мүмкін.
"Назарбаев қазір Airbus 320 NEO ұшағымен жүр. Оны пандемия ушығып тұрған кезде $100 сатып алған. Ал алып Airbus A330 ұшағы қазір елордада әуежайда тұр", - дейді агенттік дереккөзі.