Bugin

ҚазМұнайГазға жаңа орынбасар тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары болып Құрманғали Есқазиев пен Мұрат Мұнбаев тағайындалды. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болса, ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары болып Мұрат Мұнбаев тағайындалды.

Қ.Есқазиев операциялық активтерде мұнай мен газ өндіру, кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мен одан әрі дамыту, ҚМГ-ның ресурстық базасын кеңейту және кен орындарды рационалды игеру мәселелеріне жетекшілік етеді.

М.Мұнбаев Ұлттық компанияның ірі жобаларға (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) қатысуына жетекшілік етпек.