Bugin

ҚР Бас прокурорының орынбасары тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып Ұлан Байжанов тағайындалды. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

Ұлан Байжанов 1958 жылы 9 тамызда дүниеге келген.

1980 жылы С.М. Кирова атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.  

2015-2017 жж –  ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры.

2017-2018 жж – «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2018 жылдың қазан айынан бастап – «Цесна Банк» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі.

2018 жылдан 2019 жылға дейін – «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

2020 жылдың ақпанынан бастап – ҚР ҰОК Тексеру комиссиясының төрағасы.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап – «Зерде» ұлттық холдингі» АҚ тәуелсіз директоры.