Bugin
Ресейдің Новосібір, Екатеринбург және Томск қалаларында жаппай наразылық басталды. Наразылық акциясына шығушылар Ресей билігінен дереу арада соғысты тоқтатуын талап етті.
Жұрт алаңға жиналып жатыр. Тәртіп сақшылары кезекшілік орнатып, пикетке шығушыларды қадағалап отыр.
Сондай-ақ, бүгін Мәскеу қаласында елшілік маңында наразылыққа шыққандар болды. Оларды тәртіп сақшылары ұстап әкетті.
Айта кеткен жөн, бүгін Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдында белсенділер наразылық өткізді. Оқиғаны полиция сырттай бақылап тұрды.