Bugin

Украина маңына НАТО-ның алып авиациялары ұшып келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина шекарасы маңында НАТО-ның алып авиациялары айналып ұшып жүр. Жағдайды бақылап, барлау жүргізіп жүргенге ұқсайды. Бұл тікұшақтарды қазақстандық ҚазТаг агенттігінің редакциясы анықтады.

Басылымның жазуынша, Украина шекарасына АҚШ пен Ұлыбританияның авиациялық кемелері келген. Олардың арасында Boeing E-8С командалық пункті, Boeing RC-135 барлаушы ұшағы, McDonnell Douglas KC-10A Extende жанармай құю ұшағы, Northrop Grumman RQ-4B Global Hawk атты ұшу аппараты, General Dynamics F-16 Fighting Falcon атты көпфункционалды зымыран соққышы бар.

Авиацияның бір бөлігі Ұлыбританияға ұшып кетсе, енді бірі американың Еуропадағы авиабазасына барып қонған.

Әуе кемелерінің көбі Румыния мен Украинаның шекарасында жүр. Малтьадан ұшып шыққан Northrop Grumman RQ-4B Global Hawk аппараты Украина территориясын зерттеп, Донбасс пен Қара теңіз арқылы айналып өткен.

Ұлыбританияға барып қонған жанармай құюшы ұшақтың орнына тағы бір ұшу аппараты жолға шығып, Украинаға келген.

Сондай-ақ Украинаның Львов ауданы маңында Sikorsky UH-60 Black Hawk (қара бүркіт) тікұшағы ұшып жұр.

Айта кеткен жөн, соңғы деректерге қарағанда Ресейдің десант әскері Киев түбіне дейін келіп қалған. Тікұшақтар қазір ауылдарда бомбалап жатыр.