Bugin
Ресей әскери күштері Киев қаласын 96 сағаттың ішінде басып алады. Бұл жайлы АҚШ шенеуніктерінің Newsweek басылымына берген түсініктемесінен белгілі болды.
АҚШ-тың үш шенеунігі Киевтің 96 сағаттан кейін жау қолына өтетінін әрі содан кейін Украинаның қарсылық көрсетуге шамасы қалмайтынын мәлімдеді.
"Авиация мен артиллерия біткеннен кейін, нағыз десант жауынгерлердің қоян-қолтық соғысқа көшеді. Украин сарбаздары біршама шыдас беруі мүмкін. Бірақ ұзақ емес. Жақын арада Киев берілуге мәжбүр болады", - деген АҚШ-тың барлау қызметінің офицері, Ресейді барлауда тәжірибесі әскери қызметкерлердің бірі.
Сондай-ақ, Gazeta ресей басылымының жазуынша, Украина президенті В.Зеленскийге жақын жүрген шенеуніктердің бірі де "Ресей әскерінің Киевті қоршауына 96 сағат уақыт кетуі мүмкін" дегенді айтқан.
"Бірақ Украина билігі үкіметтің құларына сенбейді. Ал Ресей әскерінің қоршауын бұзып өте ала ма әлде жоқ па – ол жағы белгісіз", - деп пікір білдірген шенеунік.