Bugin
Украина әскері абыроймен соғысып жатыр. Ресей оккупанттарына өз қанына өзін тұншықтырамыз! Осылай деп мәлімдеді Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный.
"Құрметті генералдар мен офицерлер, сержанттар мен сарбаздар!
Бүгін біздің жерімізді орыс басқыншыларынан қорғаған баршаңызға алғыс. Әрі сіздерге қолдау білдірген жанұяларыңызға алғыс.
Украин халқына бізге сенім білдіріп, көмек пен дұға тілегені үшін алғыс.
Барлық шетелдік серіктестерімізге рахмет. Қазір сөз сөйлейтін емес, әрекет ететін уақыт.
Соғыста шейіт болған бауырларымыз үшін дұға етеміз, ал жараланған жандарға денсаулық берсін!
Біз күресті жалғастырамыз! Қауіпсіздік пен қорғаныстың бүкіл секторы лайықты тойтарыс берді. Қиын әрине, бірақ мойымаймыз! Ресей әскері өзі ойлап, өзі жоспарлағандай блицкриег жасай алмады. Өз қанына өзін тұншықтырамыз!
Шындық біздің жақта. Құдай да, жеңіс те біздің жақта", - деп жазды Бас қолбасшы әлеуметтік желіде.