Bugin

Ресейдің Украинаға соғыс ашуының негізі себебі не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Украинаға басып кіру арқылы билігін құлатқысы, орнына өзіне ыңғайлы қуырақ билік қойғысы келеді. Украинаға қарсы демилитаризация бастауының негізгі себебі сол. Осылай деп түсіндірді АҚШ әскери-теңіз талдау орталығындағы Ресей бағдарламасының директоры Майкл Кофман.

"Ресейдің әскери операциясының мақсаты – Украинаның әскери күшін әлсіретіп, билігін тартып алу. Вашингтон билігі мұны осыдан 3 ай бұрын болжаған-тұғын. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік күштерін таңқалдыру қиын", - деді Кофман BBC-ге берген түсініктемесінде.

Маманның айтуынша, ресей әскері жылдам капитуляцияға қол жеткізу үшін украин әскерінің барлығын құртуға тырысады.

"Путиннің өзі әскери қимыл бастауының себебін "Украинаны ұлтшылдар басып алды, көршілес елді ұлтшылдықтан тазартамын" деп түсіндірді. Денацификация дегеніміз – осы. Ұлтшылдықтан ада ету. Ол үшін орыс әскері Киевті тезірек басып алу тырысады. Қазірдің өзінде Киев маңындағы аэродромдарға келіп қонып, десант жауынгерлерін топтастырып жатыр", - дейді Кофман.

Сарапшы: Путиннің мақсаты – Зеленскийді биліктен кетіру

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61