Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары. 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Бұл рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады екен. Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіліпті.
«Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49», - делінген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61