Әлем

Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қолдануды мақұлдайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Вашингтон Мәскеудің доллармен, фунтпен және иенмен бизнес жүргізу мүмкіндігін шектемекші. Сондай-ақ АҚШ ВТБ-ны қоса алғанда төрт ірі банкке тосқауыл қоятынын мәлімдеді.

Бұдан бөлек АҚШ пен одақтастары Ресейдің жоғары технологиялық өнімдер импортын 50 пайызға шектемек. Санкциялар Ресейдің ең ірі мемлекеттік компанияларының, ресейлік ғарыш бағдарламасының облигацияларына да әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания ВТБ мен Аэрофлотқа қарсы санкция салған болатын.