Bugin

Мұнайдың қымбаттауы бензин бағасына әсер ете ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов «әлемдегі мұнай бағасының өсуі Қазақстандағы жанармай құнына әсер ете ме» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Бізде мұнай бағасы белгіленіп, реттеліп жатқанын білесіздер. Ішкі нарықтағы бағамыздың әлемдік бағаға еш қатысы жоқ. Мұнайдың халықаралық нарықтағы бағасының көтерілуі ішкі нарықтағы бағасына еш қатысы жоқ», – деді Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда халықаралық нарықтағы мұнайдың экспорттық бағасы мен мұнай өнімдерінің ішкі бағасы арасында таза корреляция жоқ.

«Өйткені біз оларды мұнайды өзіміздің өңдеу зауыттарымызда өндіреміз. Егер импорттасақ, тәуелді болатын еді. Бірақ оны өзіміз өндіреміз. Бұл жерде бізде тежеу ​​мүмкіндігі бар», – деп қосты Болат Ақшолақов.