Bugin
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым Назарбаеваның үндеу мәтінін жариялады.
«Бүгін мәжіліс депутаты өкілетінен бас тарту туралы шешім қабылдадым және күш-жігерімді қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке жұмсаймын.
«Нұр Отан» партиясына дауыс берген Қазақстан халқына, маған сенім артқан партияластарыма, ел басшылығына алғыс айтамын.
Қайғылы қаңтар оқиғасы халықтың бірлігі болмаса, еліміздің одан әрі дамымайтынын көрсетті.
Болған жайттың барлығын жан-жақты, объективті тексеріп, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазасын алып, жазықсыздар босатылуы керек деп есептеймін.
Барлығымыз, бүкіл қоғам болып қаңтар оқиғасынан сабақ алып, мұндай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.
Бұл күндер анархияның неге апаратынын көрсетті.
Мен еліме, оның мүддесіне қызмет ете беремін.
Ал бұл үшін арнайы лауазымның қажеті жоқ», - деді депутат Дариға Назарбаева.