Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің өкімімен Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына Болат Тілепов тағайындалды.
Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып Нұрлан Әбдірахманов тағайындалды.
Ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұдан кейін бұл қызметті Олжас Қизатов атқарады.
Айта кетейік, мемлекет басшысының өкімімен Олег Смоляков Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61