Bugin
Мұны Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Авиакомпанияның таратқан ақпаратына сенсек, Украинадағы қазақстан азаматтары Польшаның Катовице қаласына жеткізіліп, сол жақтан арнайы ұшаққа отырғызылмақ. Ұшу уақыты 26 ақпан күні жергілікті уақытпен 02.00-ге жоспарланған.
Польшадан ұшқан ұшақ Атырау қаласына келіп қонбақ.
Жолаушылар тізімі Қазақстанның Украинадағы елшілігінде қолында бар. Ал билет алмағандар Катовице әуежайына келіп алуына болады.
"Қазақстан азаматтары 25 ақпан күні Львов қаласындағы Қазақстан Елшілігінің алдында жиналғаны жөн. Мекенжайы – Замкнена 3/1. Сол жерден трансфер жасалады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.