Bugin
Егер Киев маңындағы жағдай ушықса, Украина билігі Түркиядан ресми көмек сұрамақ. Нақтырақ айтсақ, Қара теңіздегі Босфор мен Дарданелл бұғаздарын жауып, Ресей кемелерін тоқтатуды өтінбек.
Бұл жайлы Reuters жазды.
Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Бондардың айтуынша, Ресейдің әскери-теңіз флоты – Киевке үлкен қысым көрсететін әскери құрылым.
"Украина қазір Түркиядан жаумен күресудің амал-тәсілдерін сұрап, ақылдасып жатыр. Алдағы уақытта аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін біріккен механизм құруы мүмкін", - деді елші.