Bugin
РФ президенті Владимир Путиннің Украинаға әскери операция бастауын "ақымақтық", "алжасу", "ақыл-есі кем адамның ісі" деген сыңайда пікірлер көбейді. Батыс пен Америка БАҚ-тары, әлем елдерінің президенттері де айтып жатыр мұны.
Guardian басылымы "Владимир Путиннің Украинаға басып кіруі – "шынайы өмірден қол үзіп қалғанының" көрінісі деп бағалайды.
"Путиннің дәл Еуропа түбінде соғыс бастауы – ақымақ іс. Батыс елдерінің басшылары мұны психикасы нашарлаған адамның әрекеті деп бағалауда. 6 мыңға жуық ядролық зымыраны бар адамның мұндай күйге түскені жақсы емес", - деп жазады басылым.
Макронның айтуы
Ал Франция президенті Э.Макрон Ресей басшысымен 2017 жыл мен 2019 жылғы, содан кейін 2022 жылғы кездесулерін салыстырған. Оның айтуынша, 2017 жылы жазда Макрон Путинді жылы құшақпен қарсы алып, Версаль сарайының жасыл көгалін аралатып, келесі жылы Жерорта теңізі жағалауындағы резиденциясына апарғанын айтады. Сол кезде Путин тікұшақтан құшақ гүлімен түсіп, Макронмен жылы шырайласқан көрінеді. Бірақ 2022 жылғы кездесу бұлай бола қоймады. Макрон құшақ жая қарсы алған адам оны үш жылдан кейін қатулы қабақпен қарсы алды.
2022 жылы ақпанда Мәскеу төріндегі екі басшының кездесуі 5 сағатқа созылды. Әрі 6 метрлік ұзын үстелдің екі шетінде отырып, келіссөз жүргізді. Макронның айтуынша, "келіссөз өте қатулы, шиеленісті күйде өткен". Соған қарағанда Макрон бұрынғы досының қалай жылдам өзгеріп кеткеніне өзі де таңқалса керек.
Еуропарламент мүшесі
"Ресей әскері арнайы операция бастаған тұста мен бұл адам шынымен шындықты жоғалтып алған кісі екен деп ойладым. Мұның өзін жұмсартып айтып отырмын", - деп пікір білдірген Еуропарламент мүшесі Бернар Гетта.
"Путинді ақыл-есінен айырылды деуге келе ме?" деген интервьюердің сөзіне Гетта "иә" деп жауап берген.
Чех президенті
Чехияның президенті Милош Земан – РФ президенті В.Путиннің нағыз жақтасы, қолдаушы мемлекетбасылардың бірі еді. Алайда Путиннің басқыншылық бастағанын естігенде "ақылынан адасқан екен" деп таңқалған.
Неміс саясаттанушысы
Германия саясаттанушысы, профессор Ханс-Хеннинг Шрёдер 2014 жылы Ресей Қырымды басып алған кезде де "Путин шынайы өмірден қол үзіп қалған адам" деп бағалаған еді.
Ресейде қанша ядролық қару бар?
АҚШ Ғалымдар федерациясының есебінше, Ресейде 5977 ядролық оқтұмсығы бар екен. Американың ядролық қаруы бұдан аз.
Федерация мамандарының болжауынша, ядролық қару арсеналының басым бөлігі Донбаста орналасқан сыңайлы.
Әлем елдері мұндай мол ядролық қарудың үстінде отырған адамның "диспатикалық ауруға ұшырап", "ақыл-есінен айырылуы" жақсы емес.
"Ядролық қаруды ешкім қолданбайды деуге келмейді. Жағдай әп-сәтте бақылаудан шығып кетуі ғажап емес", - дейді АҒФ маманы, ядролық ақпарат жобасының директоры Ханс Кристенсен.