Bugin
Украина дағдарысының шиеленісуіне байланысты Тайвань билігі Қытайдан қауіптеніп отыр. Бұл жайлы Reuters жазды.
"Тайвань үкіметі Украинадағы жағдайды жіті бақылап отыр. Осыны пайдаланып Қытай тәуелсіз аралға басып кіруі мүмкін. Әзірше қытай әскерінің "ерсі" әрекетін көре қойғанымыз жоқ. Алайда қытай билігінен бәрін күтуге болады. Тайваньді күшпен ұстап тұруға барын салары анық. Бізді Вашингтонның қолдағанын қалаймайды. Мұны талай жерде айтқан", - деп түсіндірді арал үкіметі неге үрейленіп отырғанын.
Басылымның жазуынша, Қытайдың Қорғаныс министрі Тан Кефей кеше, бейсенбі күнге ресми мәлімдемесінде "Тайвань – Қытайдың шеше алмай отырған ірі мәселесі әрі оған шетелдік күштердің араласқанын қалаймайды" деген еді.
Reuters-тің жазуынша, Украинадағы жаппай әскери операция басталған тұста қытайдың 9 әскери ұшағы Тайваньның ПВО-аймағына кірген.
"Сегіз жойғыш ұшақ пен бір барлау ұшағы кеп кірді. Авиация Оңтүстік Қытай теңізінің жоғарғы жағын басып өткен. Тайваньның ПВО жүйесі ескерту атысын жасап, ұшақтарды кері қайтарған. Қазір Тайвань әскери дайындықта отыр", - деп жазады басылым.
Тағы бір айта кетерлігі, 23 ақпан күні Тайвань шекарасында 69 ұшақтың ұшы көрінген. Ал бүгін келгендері одан аз.