Bugin

Ресей Украинаның 118 әскери нысанын талқандады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ Қарулы Күштері ресми ақпарат таратты. Ақпаратта ресей әскерінің Украинаның 118 әскери нысанын істен шығарғаны, 5 ұшағын атып түсіргені, 150 сарбазын тұтқынға алғаны айтылған.

"Тұтқынға алынған сарбаздардың 82-сі Змеиный аралында тұтқынға түскендер. Қазір олар тергеліп-тексеріліп жатыр. Әскери қимылдан бас тарту туралы қолхат алынбақ. Сосын үйіне қайтарылады", - деді РФ Қорғаныс министрлігің ресми өкілі Игорь Конашенков.

Оның айтуынша, УҚК 53-ші жеке бригадасының 11 әскери қызметкері қолға түскен.

"УҚК теңіз жаяу әскерінің 36-шы жеке бригадасы ДНР халық милициясының қолымен байланысып, қаруын тастап берілді", - деді Конашенков.

"Украина Қарулы күштерінің 18 танкісі мен басқа да брондалған әскери көлігі, 41 арнайы әскери техникасы мен 5 әскери қайығы, 7 реактивті дүркіндетіп ату жүйесі жойылды. Ресей Қарулы күштері арнайы операция барысында УҚК-ның 13 басқару пунктін, 14 зенит ракета кешенін, 5 ұшағы мен 5 дронын, 1 тікұшағын атып түсірді", - деп мәлімдеді Конашенков.