Bugin

Тоқаев Украина жағдайына байланысты жұмыс тобын құруды ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларымен кездесті. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

Жиынға Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттің өкілі ретінде Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі кездесу геосаяси ахуалдың өте қатты ушығып тұрған кезінде өтіп жатыр.

"Біздің экономикалық одағымыз белгілі себептерге байланысты санкциялық қарсылықтардың салдарынан туындайтын саяси  текетірестердің күшеюіне және оның елдеріміздің экономикасы мен қаржы жүйесіне кері әсеріне алаңдаушылық білдіреді. Валюта бағамына, төлем жүйесіне, екінші деңгейлі банктерге қатысты тәуекел-қатерлер күшейе түсті. Біз Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл тек басы ғана, алда өте күрделі жұмыстар тұр. Бұл жұмыстарды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестерімізбен келісе отырып жүргіземіз деп ойлаймын. Экономикалық, қаржылық және өнеркәсіптік жүйелердегі тығыз ықпалдастықты ескере отырып, тәуекел-қатерлерді бағалауға және жағдайдың кері әсерін төмендетуге бағытталған экономикалық шараларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру керек", – деді Президент.