Bugin
Кеше ҚР Ұлттық банк теңгемен салыған депозиттерді қолдау үшін 10 пайыздық өтемақы берілетінін хабарлаған еді. "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, ұлттық банктің бұл бағдарламасы жинақтаушы есепшоттарда ілінеді екен.
Банк басшысы өтемақының қалай және кімдерге берілетінін түсіндіріп өтті.
Бағдарламаға кім қатыса алады?
Бағдарламаға мерзімді немесе жинақ депозиттері бар салымшылар, депозитін теңгемен салған азаматтар қатысады.
"Отбасы банкте" барлық депозиттер тұрғын үй-құрылыс жинақтары ретінде ашылған, сондықтан олар автоматты түрде бағдарламаға қатысуға құқылы.
Қандай депозиттер қатыспайды?
Ағымдағы шот, карточкалық шот, шатты депозит өтемақы ала алмайды.
Карточкадағы ақшалай депозит те бағдарламаға кірмейді.
Назар аударыңыздар! Көбісі мобильді қосымшаларда ашылған депозиттер талап етілетін депозиттерге жатады деп шешті. Шын мәнінде, олардың көпшілігі - мерзімді депозиттер.
Өтемақы қашан төленеді?
Өтемақы 2023 жылы 24 ақпаннан кейін 7-10 күн ішінде беріледі.
Өтемақы қалай есептеледі?
Өтемақы 23 ақпан күнгі кешке депозитте қанша ақша тұрды, соған байланысты есептеледі. Мысалы, сіздің депозитіңіздегі қалдық 1,2 миллион теңге делік. Сіз 2023 жылдың ақпан айының соңында қосымша 120 мың теңге аласыз, бұл ретте сізде 2023 жылдың 24 ақпанына дейін ең төменгі қалдық 1,2 миллион теңге болуы тиіс. Алынған депозиттер сомасы жыл ішінде бағдарламаға қатыспайды.
Егер менің "Отбасы банкте" екі депозитім болса, олардың қайсысына өтемақы есептелетін болады?
Бір салымшыда екі және одан да көп депозит болған жағдайда барлық депозиттерге өтемақы есептеледі. Әрбір жеке банктегі депозиттердің қалдықтары 20 миллион теңгеден аспауы тиіс. Егер бір банктегі бірнеше депозитте 24 миллион теңге болса, сіз 2 миллион теңгеден – 20 миллион теңгеден 10 пайызға барынша өтемақы аласыз.
"Отбасы банкіден" бөлек банктерде де депозит болса, оған өтемақы беріле ме?
Иә, беріледі. Бірақ бір банктен тек көп дегенде 2 млн теңге өтемақы аласыз. Одан аспайды.
Өтемақыға қашан және қайда жүгінуге болады?
Бұл жағы әзірше белгісіз. Қазір өтінімдер қабылданып жатқан жоқ, сондықтан ешқайда барудың қажеті жоқ. "Отбасы банк" өтінімдерді қабылдау кезінде СМС-хабарлама жасайды және барлығы онлайн жүргізіледі.
Мәселен, азаматтың "Отбасы банктегі" депозитінде 12 миллион теңге бар делік, бірақ өткен жылы желтоқсанда 24 миллион теңге аралық қарыз алып, пәтер сатып алған. Ол адам өтемақы ала ма?
Бұған өтемақы төленбейтін сияқты. Өйткені тұрғын үй алған адам депозитін жаратқан азамат болып саналады. 2016-2017 жылдары өтемақы төлеу бағдарламасын да мұндай азаматтар қатыса алмаған еді.
"Отбасы Банкінің" депозиттері бойынша ереже жарияланғаннан кейін қосымша түсініктемелер беріледі.
Салымымның мерзімі 2022 жылдың наурыз айының басында аяқталса, мұндай азамат өтемақы бағдарламасына қатыса ала ма?
"Отбасы банкте" барлық депозиттер автоматты түрде ұзартылады, сондықтан барлық салымшылар бағдарламаға қатысады. Қалған банктерге депозиттердің мерзімін қолданыстағы салымдар шарттарын нашарлатпайтын талаптармен ұзарту ұсынылды.