Bugin
Ресейдің арнайы әскери операциясының кесірінен Украинада 100 мың босқын далада қалды. Мұны БҰҰ мәлімдеді, деп жазады BBC.
Босқындардың көбі Украина аймағында жүр. Бүгін Польша Украинадан 29 мың босқынның шекарадан асып өткенін хабарлады. Босқындарды жайғастыру үшін Польша 9 орталық құрып, адамдарды орналастырып жатыр.
Босқындардың бір бөлігі Румыния мен Венгрияға өтіп жатыр. Ал Молдава Сыртқы істер министрлігі шекарадан 16 мың адам кесіп өткенін жеткізді.
Бұған дейін ЕуроОдақ елдері украин босқындарын қабылдауға әзір екенін мәлімдеген. Литва өз кезегінде 100 мың босқынды қабылдауға қауқарлы екенін жеткізген.