Bugin
АҚШ Германияға 7 мың әскер жібереді. Бұл туралы Bugin.kz порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Пентагон өкілі Джон Ф.Кирбидің айтуынша, әскерлерді жіберудегі мақсат НАТО одақтастарын сабырға шақыру.
АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, АҚШ Путинге Ресей НАТО аумағына басып кіретін болса, АҚШ әрекет етуден тартынбайтынын хабарлап отыр.
Кеше НАТО отырысында бас хатшы Йенс Столтенберг Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтындарын айтты. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский ел өз мемлекетін қорғауда жалғыз қалғанын айтқан еді.