Bugin

Путин келіссөзге дайындалып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Путин Украинамен арадағы қарым-қатынасты талқылау үшін Минскіге ресейлік делегация жіберуге дайын. Бұл туралы Bugin.kz порталы rbc.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей Федерациясы делегациясының құрамында Қорғаныс министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Кремль әкімшілігінің өкілдері болатынын хабарлады.

- «Зеленский Украинаның бейтарап мәртебесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бастапқыда Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға көмектесу, соның ішінде Украинаны демилитаризациялау және деназияландыру арқылы көмектесу екенін айтты. Ал бұл, шын мәнінде, бейтарап статустың ажырамас бөлігі болып табылады», - деп түсіндірді Путиннің баспасөз хатшысы Песков.