Bugin
Украина Гаага сотына жіберу үшін Ресейдің әскери қылмыстары туралы айғақтарды жинап жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Ресей Федерациясының балабақша мен балалар үйіне жасаған шабуылы әскери қылмыс пен Рим жарғысын бұзу болып табылады. Біз Бас прокуратурамен бірге осы және басқа да материалдарды жинап жатырмыз, оларды дереу Гаагаға жібереміз», - деді министр Twitter-де.
Орыс әскері Киев облысы Ворцель қаласындағы қамқорлығында 50 бала бар «Градов» балалар үйіне оқ жаудырды. Атыс салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, олар тұрғын үйлер мен балабақшаға оқ жаудырған. Жараланғандар мен қаза тапқандар саны белгісіз, балалар ауыр жарақат алған.
Гаагада орналасқан халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан бұған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруіне алаңдаушылық білдіріп, сот істі қарайтынын мәлімдеген.