Путин Украинаның Қарулы күштеріне жедел үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Путин Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Украина Қарулы Күштеріне жедел үндеу жасады. Ол украиндық әскерилерін билікті өз қолдарына алуға шақырды. Бұл туралы Путин Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен өткен жедел кеңесте айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Путиннің айтуынша, Украина Қарулы Күштеріне неонацистердің, әскерилердің балаларын, әйелдерін және отбасы мүшелерін «қалқан» ретінде пайдалануына жол бермеу керек.

- «Бендера мен неонацистер балаларыңызды, әйелдеріңізді және қарттарыңызды тірі қалқан ретінде пайдалануға жол бермеңіздер. Билікті өз қолдарыңызға алыңыздар, бұл нашақорлар мен неонацистер тобына қарағанда, бізге сізбен келіссөздер жүргізу оңайырақ сияқты» - деді Путин.

Сондай-ақ, ол ультиматум шарттарын қойды. 

Путин Киев Қырымды мойындап, НАТО-ға кіруден бас тартуы керек екенін айтты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61