Bugin

Түркістан облысындағы әкімдердің бірі ірі көлемде парамен ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов парамен ұсталды. Бұған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми ақпар берді. 

Антикордың хабарлауынша, әкім 98 500 доллар (шамамен 42 млн 500 мың теңге) пара алған.

"Кентау қаласының әкімі Д.М. өзінің сенімді серіктері арқылы 98 500 АҚШ доллары (теңгеге шаққанда 42 млн 500 мың теңге) көлемінде пара алған. Параны Кентау қаласындағы жол жөндеуші компанияның иесі берген", - делінген ақпаратта.

Қазір әкім қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.