Bugin
Қазақстанда утилизациялық алым 50 пайыз азайтатын болып шешілді. Шамамен, наурыз айынан бастап алым азайтылмақ. Олай болса, қай көліктер арзандауы мүмкін. Автобизнес өкіліне құлақ түрейік.
Мәселен, "Вираж" компаниясының бас директоры Ермек Ескергеновтің Экспресс К-ға берген пікірінде отандық көліктердің арзандамайтынын бірден айтты.
"Қазақстанда құрастырылып жатқан көліктер арзандамайды. Бағасы түспейді. Өйткені утилизациялық алым төлеп отырған жоқ", - деп түсіндірді Ескергенов.
Оның айтуынша, шетелден кеп жатқан көліктердің біршамасы арзандауы мүмкін.
"Импорттан келген көліктер арзандайды. Бұрын утильалымға 2 млн не 1,5 млн төлеген болса, қазір ол екі есе азайды. Соның әсерінен әрине арзандамақ. Әсіресе, ауылшаруашылық техникаларының бағасы әжептәуір түспек", - дейді кәсіпкер.
Автобизнес өкілі утилизациялық алымның азайтылатыны туралы шешім дереу жүзеге асырылса, наурыздан бастап баға түсуі мүмкін деседі.
"Алайда бәрі теңгенің бағамына байланысты", - деп ескертті.