Bugin

Қырғыз президенті мал союға тыйым салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров мейрам мен мерекеде, ас беру мен құдайы тамақта мал союға тыйым салды. Мемлекет басшысы мұны ысырап пен берекесіздік деп санайды.

"Қазаны кейде мейрам айналдырып жіберетініміз бар. Ас беру үшін, кейде құрбандық шалған кезде 5-6 бас сиырға дейін сойып тастайды. Мұқтаж жанұялардың өзі "жұрттан қалмау үшін" құрбандық шалады. Бай мен кедейдің дәулеті бірдей емес. Қырғызстанда бай адамдар онсыз да аз. Сол себепті мейрамды жұрт қалыпты қарсы алған жөн", – дейді Жаппаров.

Қырғыз президенті сөз барысынан өз өмірінен дәйек келтірді.

"2019 жылы ұлым қайтыс болды. Асын беруге мал союдан бас тарттым. Көңіл айтуға 10 мың адам келді. Бірақ бірде-біреуі "мал соймадың" деп бетіме басқан жоқ. Шешімімді құп көрді", - дейді президент.

"Ысырапқа жол бермей, бай мен кедей бөлісіп жеуі керек. Жергілікті атқару органдары мен министрлер кабинетіне ысырапқа жол бермеуді қадағалауды тапсырамын", - деп түйіндеді сөз Жаппаров.