Bugin

Ресей Еуропа Кеңесінен бірауыздан шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа Кеңесі ұйымға мүше боп кірген Ресейді шығарып жіберді. Кеңес төрағасы – Италия әкімшілігі Ресейдің басқыншылығын қатаң сынап, дауыс беру арқылы осындай шешімге келді. Бұл жайлы DW.com жазды.

"Италия төрағалық етіп отырған Еуропа Кеңесінің министрлер кабинеті Ресей Федерациясын мүшеліктен шығару туралы шешімге келді", - дейді Италия Сыртқы істер министрі Луиджи ди Майо.

"Ресей Украинаға басқыншылық жасап халықаралық құқық нормаларын дөрекі бұзды, оның әскери басқыншылығы қолдау көрсететін әрекет емес", - деді министр.

Ресейді ЕК-ден шығаруға 42 мемлекет дауыс берген. Тек Армения мен Ресей өкілдері ғана қарсылық білдірген. Түркия қалыс қалып, Әзірбайжан дауыс беруге қатыспады.

Еуропа кеңесі Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін құрылған. Басты мақсаты – Еуропа құрлығы аумағында адам құқығын қорғау және құқықтық норманы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ресей бұған 1996 жылы мүшелікке енген. 2014 жылы Қырым аннекциясы кезінде уақытша шығарылған.