Bugin
Facebook әлеуметтік желісіне иелік ететін Meta компаниясының вице-президенті Ник Клегг Ресей билігінің бірқатар ресейлік БАҚ аккаунттарына қойылған шектеулерді алып тастау туралы талабы қанағаттандырылмайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы riafan.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Америкалық Meta компаниясының басшылығы Facebook әлеуметтік желісіндегі төрт ресейлік БАҚ-тың аккаунтын бұғаттау туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін Ресей билігі қойылған шектеулерді алып тастауды талап етті.
- «Біз бас тарттық. Нәтижесінде олар біздің қызметтерді пайдалануды шектеуге ниетті», - деп жазды Клегг өзінің Twitter-дегі аккаунтында.