Bugin
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украинамен келіссөздер барысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Захарова Украина тарапының Ресеймен келіссөздерден бас тартқанын және оны ертең, 26 ақпанға қалдырғанын айтты.
- «Украина тарапы келіссөздерден бас тартты. Киев режимінің өкілдері бұл мәселені ертеңге қалдыруды ұсынды», - деді ол журналистерге.
Сондай-ақ, ол Ресей келіссөздер жүргізу туралы өтініштердің бәріне жауап беретінін мәлімдеді.
- «Біз әрқашан келіссөздер жүргізу туралы өтініштерге жауап береміз. Біз келіссөздерді ең қатал және агрессивті қарсыластармен жүргіземіз» - деді Захарова.