Bugin
АҚШ президенті Джо Байден Еуропада АҚШ-тың қосымша күштерін орналастыруға бұйрық берді. АҚШ НАТО-дағы одақтастарына осылай қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Байден АҚШ-тың «НАТО территориясының әрбір дюймін қорғауға» уәде берді. Ол елдің Солтүстік Атлантикалық альянстың 5-бабына деген міндеттемесі «мықты» екенін баса айтты.
- «Мен НАТО-дағы одақтастарымызды қолдау және Еуропадағы әлеуетімізді арттыру үшін қосымша күштерді орналастыруға бұйрық бердім», - деді Байден.