Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ билігі Украина президенті Владимир Зеленскийдің Киевтен кетуіне көмектесуге дайын. Бұл туралы Bugin.kz порталы The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Америкалық және украиналық шенеуніктердің басылымға берген түсініктемесінде АҚШ басшылығы «ресейлік әскерлер оны тұтқынға алып немесе өлтіріп кетпеу үшін» Украина басшысына Украина астанасынан эвакуациялауға көмектесуге дайын екенін айтты.
АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, АҚШ шенеуніктері соңғы күндері Зеленскиймен «әртүрлі қауіпсіздік мәселелерін, соның ішінде үкіметтің тыныштығын қамтамасыз ету үшін ең қауіпсіз орындарды» талқылап жатыр.
Осы орайда Украинадан келген шенеунік президенттің өзі оны басқа қалаға апару туралы бұйрық бермегенін түсіндірді.
Айта кетейік, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ЛХР мен ДХР басшыларының көмек сұрауына жауап ретінде Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61