Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРесейлік үкіметтік емес ұйымдар Путиннен Украинаға қарсы соғысты тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Президент мырза, біз еліміздің Украина аумағында жүргізіп жатқан әскери әрекеттеріне қарсымыз.
Біздің барлық жұмысымыз адам абыройы үшін күрес, өмірді сақтап қалу. Соғыс өмірмен де, абыроймен де, адамгершіліктің негізгі қағидаларымен де үйлеспейді. Соғыс – қайғы мен қасіретті еселейтін гуманитарлық апат. Оның салдары біздің ұзақ мерзімді күш-жігерімізді жоққа шығарады.
Біз саяси қақтығыстарды шешу үшін күш қолдануды адамгершілікке жатпайтын әрекет деп санаймыз және атысты тоқтатып, келіссөздерді бастауға шақырамыз», - делінген 38 филантроп қол қойған үндеуде.