Әлем

Лукашенко Ресей мен Беларусьтің санкциялардан неге қорықпайтынын түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск пен Мәскеу Батыстың санкцияларынан қорықпайды, екі ел де «қазіргі кезеңнен сабырмен өтуі керек» деді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды, деп жазады Bugin.kz порталы.

«Бұл кезеңнен тыныш өтуіміз керек. Одан жаман болады деп ойламаймын... Барлығы Ресейді, Белоруссияны қорқытып жатыр. Тыңдаңыздар, ресейліктер де, белорустар да бұл санкциялардан қорықпайды. Біз қайтсек те аман қаламыз. Трактор, техника бар, жер жыртамыз, тұқым бар. Сондықтан біз өлмейміз. Біз адамдарды киіндіре аламыз... Бізде бәрі бар, алаңдаудың қажеті жоқ, біз өз жерімізде мақтанышпен жүруіміз керек», - деп түсіндірді Беларусь президенті.

Бұған дейін Лукашенко Украинадағы оқиғалардың себебі ел басшылығында екенін айтқан.