Әлем

Зеленский Киев билігі ешқайда кетпегенін растайтын видео түсірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің орталығында мемлекет басшыларымен видео түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

Видеода Зеленскийдің қасында «Халық қызметшісі» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, премьер-министр Денис Шмыгаль және президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк бар.

Украина президенті әскерилер мен тұрғындар Киевтен ешқайда қашпайтынын айтты.

«Біз осындамыз. Біз Киевтеміз. Біз Украинаны қорғаймыз», - деді Зеленский.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз