Bugin
ҚР Төтенше жағдайлар министрілігінің хабарлауынша «1-наурыз сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін қорғаныстағы құлақтандыру жүйесін ел бойынша тексеру жоспарланған». Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚР ТЖМ Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді» - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.