Bugin

Ақ үй Украинаға 600 миллион доллар көлемінде көмек көрсетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден Мемлекеттік департаментке Украинаға 600 миллион доллар көмек көрсетуді қарастыруды тапсырды. Ал 350 миллионы қорғанысқа жұмсалуы керек екенін ескертті. Бұл туралы Bugin.kz порталы pravda.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұйрық мәтінін 25 ақпанда Ақ үйдің баспасөз қызметі жариялады. Меморандум мемлекеттік хатшының өкілеттіктерін анықтайды. Байден мұндай көмектің Америка Құрама Штаттарының мүддесіне сай келетінін атап өтті.

Оң шешім қабылданған жағдайда Украинаға 250 миллион доллар тегін қаржылық көмек берілетіні айтылған. Тағы 350 миллион долларға Пентагонның қорғаныс және әскери оқу-жаттығу қызметтері бағаланады.

Айта кетейік, бұл шешім Ресейдің Украинадағы әскери операциясы аясында өте оғаш болып көрінеді. Қазіргі жағдайға сүйенсек, Украина армиясы әскери көмектің келесі бөлігін ала алмайды.

Әсіресе, оны Киевке жеткізу мүмкін емес, өйткені әуе кеңістігін ресейлік әскерилер жауып тастаған.