Weekend

Абай ескіре ме?

Қазаққа ес кіргенде, Абай ескіреді. (Асқар Сүлейменов)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

М.Әуезов өзінің төрт том «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді өз одандастарына, керек десеңіз тіпті қазақтардың өзіне «қазақ» дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын оның өткен өмірін,тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып ашып,жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді.

Жазушы Абайды өмірінде бір-ақ рет 5 жасында көрген. Өмірінде бір рет көрген адам туралы 4 томдық кітап жазу...

Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстары мен күрестерін,ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын,көркем тұлғалардың өткені мен даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету бүгінін кеңінен қамту роман-эпопеяда зор шеберлікпен суреттелген. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.

Егер Абай ескіретін болса...

Абай неге 50-ді еңсерген шағында бүкіл мұқым қазақтың қажетіне жарайтын сөз айтты? Неге бәріміз Абайды темірқазық көріп, әрбір сөзінің нәрін алып, сөлін сорып отырмыз? Себебі, оның балалық шағы Құнанбайдың етегінде, бүкіл Арқадағы аузымен құс тістеген билер мен шешен, көсемдер мен шынжыр балақ шұбартөс жұрттың шаруасын шешкен мықтылардың алқақотан отырысының ішінде өтті.Ол кішкентай кезінде лашын ұшырып, сұңқар қондырып, құс аулады, шежіре жаттады, елдің бүкіл мінез-құлқынан хабардар болды, елдің тірлігіне араласты. Егер, Абайдың балалық шағы Құнанбайдың қалыптастырған ортасында өтпегенде,ол Абай болып шықпайтын еді. Сондықтан, абыз ақсақал аспаннан жаумайды, қарияны қазына қылып жерден қазып ала алмайсың. Ол нәрсенің бәрі қалыптасумен келеді.