Bugin
«Қаңтар оқиғасынан» кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен қамауға алынған. Ал ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, Назарбаевтың інісі – Самат Әбіш қызметінен босатылып, ІІМ оған қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатпағанын хабарлаған. Бұл туралы bugin.kz порталы Нурсултанский соловей Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін елдегі саяси тақырыпта ақпарат тарататын Телеграм арналарда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ шейхі Мохаммедтен Самат Әбішті Қазақстанға экстрадицияламауды сұрағаны туралы, егер Самат Әбіш елге оралса, ауыр жаза күтіп тұрғанын жарыса жазды.
Дереккөздегі мәліметке сүйенсек, Елбасы отбасымен тығыз байланыстағы араб шейхі оның бұл өтінішін қабыл алады. Демек, қазір Самат Әбіш аса ықпалды араб билігі өкілдерінің қорғауында отыр.