Bugin

Украинаның келіссөздерден бас тартуына орай Ресейдің әскери операциясы жалғасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Киевтің келіссөздер жүргізу туралы ұсынысына байланысты Украинадағы ресейлік әскерлердің ілгерілеуін тоқтатуға бұйрық берген еді. Бірақ украин тарапы диалогтан бас тартып, әскери операция қайта басталды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Кеше түстен кейін Украина басшылығымен келіссөздерге байланысты Ресейдің Жоғарғы Бас қолбасшысы ресейлік әскерлердің негізгі күштерінің алға жылжуын тоқтатуға бұйрық берді. Рас, бірқатар жерлерде соғыс қимылдары жалғасты, ұлтшылдардың мобильді топтарымен және Бендерамен қақтығыстар болды», - деді Песков.