Bugin

Италия премьер-министрі Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуын мақұлдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Италия премьер-министрі Марио Драгимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Италия премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Италия премьер-министрі Украина басшысын толық қолдайтынын жеткізді және Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкцияларын мақұлдағанын айтты. Драги сонымен қатар Ресей Федерациясының SWIFT-тен ажыратылуын қолдайтынын атап өтті.

- «Премьер-министр Италия ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялар желісін, соның ішінде Ресей Федерациясының SWIFT төлем жүйесінен ажыратылуына қатысты шараларды толығымен қолдайтынын растады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Римнің украиналық тарапқа «қорғаныста» көмектесетіні хабарланды. Бұған дейін мұндай санкцияларды Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо да мақұлдаған болатын. Баспасөз Италияның Еуропалық Одақ талқылап жатқан шектеу шараларын енгізуден аулақ болуға тырысып жатқанын жазды. Италияның Экономика және қаржы министрі Даниэле Франко Ресейдің SWIFT-тен ажыратылуы Еуропаға газ жеткізу ақысын төлеуде қиындықтар тудыруы мүмкін екенін айтты.