Bugin
Киевтіктер қаладағы аласапыран кезінде дүниеге келген нәрестенің ата-анасын құттықтады, Бұл туралы Bugin.kz порталы Korrespondent.net басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Киев метрополитенін уақытша паналаған тұрғындар жаңа туған сәбидің батырлардай мықты болуын, өмірінің жеңісті сәттерге толы болуын тілеген. Сәбидің есімі - Миа. Киевте бейбіт тұрғындар паналайтын жерде туған сәби туралы Киев метросы басшысының орынбасары Наталья Макогон хабарлады.
- «Нәресте метро бекетінде емес, тұрғындар уақытша пана тапқан басқа бір жерде дүниеге келді. Алайда қандай жағдай болмасын, бұл - отбасы үшін бақытты сәт!», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Киев метросы басшысының орынбасары Наталья Макогон Украина астанасындағы метро бас сауғалау режиміне көшкенін мәлімдеді. Жолаушылар тасымалы тоқтатылған.