Bugin

Жергілікті тұрғындар Украина Қарулы Күштеріне жау танкілерін басып алуға көмектесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жергілікті тұрғындар Украина Қарулы Күштеріне Чернигов облысында жау танкілерін басып алуға көмектесті. Бұл туралы Bugin.kz порталы 24tv.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина әскері барлық майданда ресейлік басқыншыларға тойтарыс беруде. Украина қарулы күштері жергілікті тұрғындармен бірге Чернигов маңында бірнеше танкті басып алды.

Бұл туралы 26 ақпанда «Солтүстік» жедел қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлады. Қолға алынған техника басқыншыларға қарсы қолданылады деп жоспарлануда.

Ресейлік жалдамалы әскерлердің Черниговқа кіруге тырысқаны белгілі, бірақ оларға лайықты тойтарыс берілді. Жергілікті тұрғындар оларға Молотов коктейльдерін шашқан. Осылайша жаудың кем дегенде 2 танкісін басып алған. Орыс әскерінің одан әрі ілгері басуына жол бермеу үшін олар темір жол көпірлерін де қиратпақ.

- «Біз бұл басқыншылықты бірге жеңеміз!» - деп атап өтті «Солтүстік» жедел қолбасшылығы.