Bugin
Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жалғасып жатқанына бірнеше күн өтті. Майданда қолына қару алған әскер мен халық. Әнші де, спортшы да осы жерде ел мен жер үшін күресіп жатыр. Дегенмен майдандағы шайқастан бұрын көп талқылауына түскен, бірнеше күннен бері нақты жауабы берілмей келген SWIFT жүйесінен Ресей ажыратылса не болмақ деген мәселе.
SWIFT немесе «қаржы атом бомбасы» деген атауы бар бұл жүйеден кезінде Иран да ажыратылған. АҚШ санкция салу арқылы Иранды бұл жүйеден тыс қалдырған. Ал қазір дәл осының кебін Ресей де кигелі отыр.
Егер бұл жүйеден Ресейді ажырататын болса, халықаралық төлем жасау операциялары қиындайды және бәрін қолма-қол төлеуге тура келеді. Қарапайым сөзбен айтқанда «қола дәуіріне» тап болады.
Ендігі жерде ресейлік банктер халықаралық қаржы нарығында жұмыс істей алмайды.
Нақтырақ:
SWIFT-тен ажыратылған әр сағатта ел экономикасына өте үлкен соққы келеді. Ал дәл қазір бұл сәтті Ресей басынан кешейін деп тұр.