Bugin

Илон Маск Украина үшін Starlink терминалдарын ашты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск Украинада Starlink жаһандық спутниктік байланыс жүйесіне қолжетімділік ашқанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

- «Қазір Украинада Starlink қызметтері көрсетіледі. Жаңа терминалдар жолға шықты», - дейді кәсіпкер.

Starlink ғаламдық спутниктік байланыс жүйесінің жобасы болып табылады, ол Жердің төменгі орбитасындағы көптеген шағын құрылғылар арқылы бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.