Bugin
Ресей әскерлері Харьковте газ құбырын жарып жіберді. Қала тұрғындарына бұл ядролық жарылыс емес екені айтылуда. Бұл туралы Bugin.kz порталы РБК-Украина Украинаның арнайы байланыс және ақпаратты қорғау мемлекеттік қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Харьковта, Даниловкада орыс басқыншылары ақпанның 27-не қараған түні газ құбырын жарып жіберді. Бейнежазбада үлкен жарылыс орын алған.
Ал, арнайы қызмет бұл ядролық жарылыс емес екенін атап өтті.
- «Біз жалған ақпараттан сақтанамыз: бұл ядролық соққы емес», - делінген хабарламада.